• 09-12-2025

Қар, боран және көктайғақ: 10 желтоқсанда Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы қолайсыз болады


"Қазгидромет" синоптиктері 2025 жылғы 10 желтоқсан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның қай аймақтарында ауа райы қолайсыз болатынын Zakon.kz хабарлайды.


Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонымен байланысты фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады және жел күшейеді, ал кей жерлерде қалың қар түседі.

"Солтүстік антициклонының әсерінен қалған өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 8 желтоқсанға қараған түнi Алматының тау және тау бөктеріндегі аудандарында қар жауып, күн суытқанын жазған едік. "Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, 9 желтоқсанда жаңбыр, жабысқақ қар, тұман түсіп, желдің күшейіп, көктайғақ пайда болуы мүмкін.