Алматыда 9 желтоқсан, сағат 22:30 шамасында басталған жауын-шашын түнге қарай қалың қарға ұласты. Бүгін таңертең қардың қалыңдығы 35 сантиметрге жетіп, айлық норманың жартысына жуықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің мәліметінше, тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруы үшін коммуналдық қызмет күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге кірісті.
"Қаланы қардан тазалауға 2 728 жұмысшы мен 75 жедел бригада тартылды. Қала көшелеріне 923 арнайы техника шықты, соның ішінде 228 құрама жол машинасы көктайғақтың алдын алу мақсатында арнайы қоспа себуге кірісті", — делінген хабарламада.
Сондай-ақ техникалардың жүрісін қамтамасыз ету үшін 22 полиция экипажы, сондай-ақ 10 эвакуатор мен манипулятор жұмылдырылды.
Қалада жол мен көшенің жағдайын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік қойылған. Барлық коммуналдық қызмет қарды толық тазалағанға дейін күшейтілген режимде жұмысын жалғастыра береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз