«Атырау» футбол клубы екі легионермен келісімшартты ұзартпады
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Мектептен күдік тудыратын жарылғыш зат табылмады.
9 желтоқсан күні қаладағы мектептердің бірінде таңертең сабақ емес, дүрбелең басталды. Белгісіз біреу ғимаратта жарылғыш құрылғы қойылғанын хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осыдан кейін полиция аумақты қоршауға алды, бірақ жарылғыш құрылғы табылған жоқ.
Атырау облысының полиция департаменті жалған хабарлама беру дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
Елімізде мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік ҚР ҚК 273-бабында жазылған. Террористік акт туралы көпе-көрінеу жалған хабарлама үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына, бас бостандығын шектеуге немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Ақтауда жетінші сынып оқушысы бірнеше рет жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап, болған ...
Атырауда желдің күшеюі мен ауа райының нашарлауына байланысты барлық мектептер қашықтан оқыту форматына өтті, ...