• 10-12-2025

Алматыда түн ортасында көпқабатты үйлердің біріндегі автотұрақтан өрт шықты


2025 жылғы 10 желтоқсанда түнде Алматыдағы Утепов көшесіндегі он алты қабатты тұрғын үйдің автотұрағынан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Белгілі болғандай, тұрақтағы көліктердің бірі қызыл жалынға оранған.

ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, жедел әрекет еткен өрт сөндірушілер көліктің өртенуін қысқа уақытта сөндіріді. Сондай-ақ құтқарушылар түтін шығаруды жүргізді.

"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранғанын жазғанбыз.