• 10-12-2025

Алматы әуежайында ондаған рейс кейінге шегерілді

10 желтоқсанда Алматы халықаралық әуежайында ондаған рейс кейінге шегерілді. Оның ішінде ішкі рейстер де, халықаралық рейстер де бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әуежайдың электронды таблосындағы ақпарат бойынша, сағат 03:00-де ұшып шығуға тиіс болған Доха – Алматы рейсі 16:30-ға ауыстырылған.

Скриншот: alaport.com

Дубайға 03:55-ке жоспарланған бір рейс 22:00-де ұшады, Дубайға 09:05-те ұшуы керек болған екінші рейс 11:40-қа ауыстырылды.

Мединаға 09:45-те ұшып кетуге тиіс болған рейс 12:00-ге ауыстырылды.

Үрімшіге рейс 09:20-дан 12:30-ға ауыстырылды.

Ішкі рейстерге келер болсақ, Шымкентке 11:45-ке жоспарланған рейс толығымен тоқтатылды.

Ақтөбе, Қарағанды, Астана және Өскеменге ұшатын рейстер кейінге шегерілді.

NUR.KZ тілшісі Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне ресми түсінік алу үшін хабарласты.

Еске сала кетейік, 9-10 желтоқсан аралығында түнде Алматыға қар жауып, оның қалыңдығы 35 сантиметрге жетті, бұл орташа айлық көрсеткіштің жартысына жуығы дейді мамандар.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз