• 11-12-2025

Ең төменгі жеткіліктілік шегі өсті: 2026 жылы қазақстандықтар БЖЗҚ-дан қанша қаражат ала алады

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін 2026 жылға белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БЖЗҚ-ның мәліметінше, зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін (ТЖШ) есептеу, зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

Әдістемеге сәйкес, 2026 жылғы ТЖШ есептеу кезінде Қазақстан Республикасының "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңында айқындалған 2026 жылға арналған келесі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылған:

  1. ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
  2. зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69 049 теңге;
  3. ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

"Нәтижесінде 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10 пайызға өсті, бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді", — делінген хабарламада.

2026 жылға белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегі:

Жеткілікті шек. Скриншот: БЖЗҚ

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз