• 11-12-2025

Астанада тікелей фермерлерден балғын әрі арзан етті қай жерден сатып алуға болады


Елордада 2025 жылғы 13-14 желтоқсан күндері "Соғым-FEST" ет жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бұл жайлы қала әкімдігінің мәлімдемесінен белгілі болды.

Іс-шараға Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының фермерлері қатысады. Жәрмеңке "Keryen Joly" сауда орталығының автотұрақ аумағында (Алаш тас жолы, 35Б) ұйымдастырылады.

Сондай-ақ осы күндері сауда орталығында қала тұрғындары асыға күткен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де өтеді. Мұнда жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, бәліштер, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да тауарларды қолжетімді бағада сатып ала алады.

Жәрмеңкелер әр демалыс күні таңғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін өткізіледі.

Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке аумағына жақын маңнан № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобустар қатынайды.

Бұған дейін Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілетіндігін жазғанбыз.