АҚШ жасырын мұнай танкерін ұстады
АҚШ Венесуэла жағалауында заңсыз ірі көлемде мұнай тасымалдаған кемені қолға түсірді. АҚШ Бас прокурорының а ...
Өтініш беру ақысы 15 мың доллар деп көрсетілген.
АҚШ үкіметінің "Алтын карта" бағдарламасына арналған сайты іске қосылды. Бұл ауқатты шетелдіктер үшін 1 миллион доллар инвестиция салу арқылы АҚШ-та тұрақты тұруға рұқсат береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Риа Новости" агенттігіне сілтеме жасап.
Өтініш беру ақысы 15 мың доллар деп көрсетілген. Өтініш қабылданбаған жағдайда, бұл ақша қайтарылмайтыны да айтылған. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл бағдарламаны "Америка азаматтығын алуға арналғар ең қысқа жол" деп атады.
Сайттың басты бетінде "Трамптың Алтын картасы" деген жазуы бар алтын түсті тікбұрыш бейнеленген. Онда АҚШ президентінің суреті, ақбасты қыран құс, Бостандық мүсіні мен АҚШ туы бар. Фонның артқы жағында бұлттар арасынан ұшып бара жатқан басқа жыртқыш құстарды байқауға болады. Бұл бағдарламаға кез келген азамат қатыса алады.
"Ішкі қауіпсіздік министрлігінің қызметі – 15 мың доллар, тексеруден өтіп, 1 миллион доллар инвестиция құйғаннан кейін "Трамптың Алтын картасымен" резиденттік құқықты рекордтық мерзімде алуға болады", – делінген хабарламада.
Сілтеме арқылы өткен кезде жеке және қаржыға қатысты деректерді енгізу сұралады. Сайтта жазылған түсіндірмеге сәйкес, карта кері қайтарылуы мүмкін екені де айтылған.
Төленетін жарна сыйлық ретінде қарастырылады. Өтінішті қараған кезде алынатын 15 мың доллар иесіне қайтарылмайды. Құжаттарды қарау процесі бірнеше аптаға созылуы мүмкін.
АҚШ Венесуэла жағалауында заңсыз ірі көлемде мұнай тасымалдаған кемені қолға түсірді. АҚШ Бас прокурорының а ...
Бүгінде үміткерлер ESTA анкетасын толтыру барысында негізгі жеке мәліметтерін ғана көрсетеді. АҚШ-қа визасыз кіре а ...
Киев жоспармен тағы бір танысып, оны ілеспе түзетулермен бірге АҚШ-қа жібереді. АҚШ ұсынған 28 тармақтан тұратын б ...