ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрілігінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңартылған құрамының алғашқы отырысы өтті.
Оған министр Айдарбек Сапаров қатысты.
Қоғамдық кеңестің 15 мүшесі бас қосқан жиында ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 53-тармағына сәйкес ашық дауыс беру арқылы Кеңестің төрағасы болып «ВостокАгроХолдинг» серіктестігінің директоры Ержан Нұрбаев сайланды. Одан әрі Президиум құрамы бекітіліп, төрт тұрақты комиссия құрылды. Олар:
– стратегия, қаржы, мемлекеттік қолдау және экспортты дамыту жөніндегі комиссия;
– жер мәселелері мен өндіріске қатысты комиссия;
– ғылым, білім және аграрлық экстеншн жүйесін дамыту жөніндегі комиссия;
– этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия.
Отырыста сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы ереже» бекітілді.
Сонымен бірге, Қазақстанның Еңбек Ері, «Зенченко и К» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры, Геннадий Зенченконың отандық АӨК-ті дамытуға қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық тәжірибесін ескере отырып, Қоғамдық кеңестің сараптама тобын басқару ұсынылды.
Кеңестің жаңа құрамы алдында сөз алған министр Кеңестің әрбір мүшесінің кәсіби құзыреттілігі мен белсенді іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
Айдарбек Сапаров өз сөзінде елдің аграрлық секторындағы жетістіктерге тоқталып, әсіресе өндірістегі маңызды қадамдар, экспорт аумағының кеңеюі, қайта өңдеу бағытының ұлғаюы, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллекттің енгізілуіне қатысты мәселелерді айоықша атап өтті.
Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және импортқа тәуелділікті азайту шаралары туралы кеңінен атап өтті.
«Бүгінде агроөнеркәсіптік кешен тарихи сын-қатерлермен қатар — бірегей мүмкіндіктерге де ие. Біз мемлекет, қоғам және сарапшылар қауымдастығы арасындағы ашық, айқын және нақты нәтижеге бағытталған жаңа өзара іс-қимыл моделін қалыптастырудамыз. Саланың стратегиялық міндеттерін іске асыруда Қоғамдық кеңестің белсенді жұмысына, сындарлы диалогына және кәсіби көзқарасына зор сенім артамын», — деп атап өтті министр.
Отырыс қорытындысы бойынша төрағалық етуші Қоғамдық кеңес мүшелеріне және Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдеріне кеңес жұмысына белсене қатысқандары үшін алғыс білдірді.