Қазақстан былтыр Иран нарығына 500 мыңнан астам тонна арпа жеткізген
Президент ауыл шаруашылығын ынтымақтастықтың маңызды саласының бірі ретінде атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz са ...
Сенатта өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин ветеринариялық сертификаттар арқылы қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін шетелге экспорттау жағдайы мен мүмкіндіктерін жариялады
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Сенаттағы “Қазақстан Республикасының ветеринариялық қызметі: жай-күйі және даму перспективалары” атты Үкімет сағатында еліміздің мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау бағытындағы жұмыстар мен нәтижелерді баяндады.
Вице-министрдің айтуынша, биыл 16 ветеринариялық сертификат келісіліп, қол қойылды, бұл қазақстандық өнімдерді экспортқа шығаруға жол ашты.
Қазіргі уақытта қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін Еуропалық Одақ елдері, Ұлыбритания, Ирак, Иран, АҚШ, Канада және басқа да 42 елге жеткізуге болады.
Қытай Халық Республикасымен экспорт бойынша хаттамаларға қол қойылды, — деді АШМ өкілі Сенатта.
Онда сойылған ірі қара мал, мұздатылған құс еті, салқындатылған, термиялық өңделген шошқа еті және қосалқы өнімдер, термиялық өңделген қой мен ешкі еті экспортқа шығарылады деп көрсетілген.
Биыл Қытай Халық Республикасы тарапынан отандық өнімді экспорттау мүмкіндігіне инспекция жүргізілді, ал тексеру нәтижелерін министрлік әзірге күтіп отыр.
Вице-министрдің хабарлауынша, қазіргі таңда шетелдік тізілімге 3 728 қазақстандық кәсіпорын енгізілген.
Президент ауыл шаруашылығын ынтымақтастықтың маңызды саласының бірі ретінде атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz са ...
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шека ...
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Қазақстан машина жасаушылар одағының Үйлестіру ке ...