"Қуатты циклон жылжып келеді": синоптиктер демалыс күндері ел аумағында қатты жел тұратынын ескертті
Синоптиктер 13-15 желтоқсанға арналған күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанға аязды, жауын-шашынсыз ауа райын әкелген антициклон орнына қуатты циклон жылжып келеді.
Ылғалды ауа массаларымен толығатын бұл циклонның әсерінен алдағы демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Жауын-шашынмен бірге жел күшеюі де ықтимал. Батыс, солтүстік және орталық өңірлерде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетіп, сондай-ақ одан да күштірек болуы мүмкін.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-