Әйгілі актёр Джеки Чан ойнайтын "Доспехи Бога: Ультиматум" фильмінің түсірілім орны ретінде Маңғыстау таңдалды, деп хабарлайды өңірдің Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасағае KAZ.NUR.KZ.
"Әлемдік кино жұлдызы Джеки Чан және "Доспехи Бога: Ультиматум" фильмінің режиссёрі Роберт Кун жаңа ірі киножобаның негізгі түсірілім алаңы ретінде Маңғыстауды ресми түрде бекітті", — делінген хабарламада.
Сапар барысында киножоба өкілдері өңірдің табиғи және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен танысып, ондаған ықтимал түсірілім алаңдарын аралап, негізгі табиғи нысандарды жан-жақты зерделеген.
Ұзақ келіссөздердің нәтижесінде бірегей ландшафттары, ауқымды панорамалары және табиғи ерекшелігі үшін "Доспехи Бога: Ультиматум" фильмінің түсірілім орны ретінде Маңғыстау таңдалған.
"Культке айналған фильмнің Маңғыстауда түсірілуі Қазақстанның киноиндустриясы үшін маңызды оқиға. Жобаның жүзеге асырылуы еліміздің халықаралық кинематографиялық кеңістіктегі орнын нығайтып, өңірге инвестициялар тартуға, сондай-ақ креативті индустриялар мен туризм әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
Аталған жобаға осындай деңгейдегі халықаралық команданың қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, жергілікті мамандарды тартуға және Маңғыстаудың табиғи әрі мәдени мұрасын әлемдік аудиторияға кеңінен танытуға қосымша мүмкіндіктер ашады", — делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-