Тоқаев Елордадағы Besqaru зауытымен танысты
Президент Besqaru зауытымен танысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Мемлекет басшысы шынжыр табан ...
Жобаны жүзеге асыру 2021 жылы басталды.
Өскеменде Шығыс Қазақстан облысындағы май өнеркәсібі саласында заманауи және ең жоғары технологиялы кәсіпорындардың бірі саналатын ALTAI MAI толық циклді май экстракциялық зауытының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа кешен майлы дақылдарды өңдеудің шикізатты қабылдаудан бастап оны дайындау, экстракциялау, рафинациялау және дайын өнімді қаптауға дейінгі барлық кезеңдерін қамтиды.
Жалпы инвестиция көлемі 26 миллиард теңгеден асты, оның ішінде 2,5 миллиард теңге жергілікті бюджеттен бөлінді.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 500 тонна күнбағыс дәні. Зауыт өсімдік майлары, шрот және пеллеттер өндіреді, бұл шикізатты тиімді пайдалану мен ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Компания өкілдері әрбір шикізат партиясы көпсатылы сапаны бақылаудан өтетінін, өндірісте экологиялық таза технологиялар енгізілгенін, олар қоршаған ортаға әсерді азайтып, халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін айтады.
Мұндай тәсіл дайын өнімнің жоғары сапалылығын және өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Президент Besqaru зауытымен танысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Мемлекет басшысы шынжыр табан ...
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді. Ауа райының нашарлауына байланысты ...
Бүгінде Астана – заманауи инфрақұрылымы, озық технологиялары, білікті мамандары және қолжетімді бағалары бар қала. ...