• 29-04-2026

Сабыржан Аққалықов бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Сабыржан Аққалықов (75 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты, деп жазады Egemen.kz.


Отандасымыз алтын жүлдені ресейлік Исмаил Муцольговпен сарапқа салды.

Жекпе-жек барысында отандасымыз белсенді қимыл көрсетуге тырысты. Қарсыласына көбірек соққы жұмсауға күш салды. Десе де ол қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.