15 желтоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылуы тиіс болған "Протон-М" зымыран-тасығышының ұшырылымы үдеткіш блоктағы ақауларға байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған ақпаратты "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі жариялады.
"Жоспарлы ұшырылым алдындағы тексерулер барысында үдеткіш блокта жергілікті сипаттағы техникалық сәйкессіздік анықталды", – деп мәлімдеді корпорация.
Осыған байланысты ұшырылым "анықталған кемшіліктерді жою үшін" кейінге шегерілді. "Роскосмос" бас директорының орынбасары Иван Даниловтың айтуынша, қажетті жұмыстардың ауқымы анықталып қойған.
Айта кетейік, "Протон" зымыраны 1960-жылдардың ортасынан бері қолданылып келеді. Алдағы уақытта оны "Ангара" зымырандар тобы алмастыруы жоспарланған.
Бұған дейін экологиялық қауіпті қызмет түрлерінің тізімі нақтыланғанын жазғанбыз.
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-