• 16-12-2025

ҚАЗАҚСТАНДА ЖИ-ҚҰРАЛДАРЫ ИНСУЛЬТ ПЕН ОБЫРДЫ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАЛАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ


Денсаулық сақтаудағы жасанды интеллект оны алмастыру емес, дәрігерді қолдау құралы ретінде қарастырылады.

Бүгінгі таңда сарапшылар қолдану бағыттары, жетілу деңгейі және клиникалық маңыздылығы бойынша жіктелген 50-ден астам MedTech шешімдерін талдады.

Жобалардың негізгі бөлігі диагностиканы, оңалтуды жақсартуға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және медициналық ақпаратты өңдеуге бағытталған.

Инсульт, өкпе және сүт безі обырын ерте диагностикалау, сондай-ақ стоматологиялық суреттерді талдау саласындағы басым ЖИ-жобалардың тізбесі қалыптастырылды. Бұл шешімдер қазірдің өзінде әртүрлі өңірлердегі медициналық ұйымдарда енгізіліп, кеңейтілуде.

Медициналық қызметтердің сапасын талдау және басқару, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау, сондай-ақ созылмалы жүрек жеткіліксіздігін ерте анықтау үшін ЖИ-құралдарын енгізу жоспарлануда.