Қарашаның қорытындысы бойынша жылдық инфляция төмендеп, 12,4 пайыз деңгейінде тұрақтады. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тимур Сүлейменов инфляцияға азық-түлік тауарлары бағасының өсуі қатты әсер етіп отырғанын атап өтті. Жылдық көрсеткіш жекелеген азық-түлік өнімдерінің әлемде бағасы жоғарылап кеткенімен және ішкі өндірістің өсіп келе жатқан шығындарымен байланысты 13,4 пайызды құраған.
"Қарашада азық-түлік емес инфляция 11,2 пайыз, ақылы қызметтер инфляциясы 12,3 пайыз болды. 2025 жылғы қазан-қараша айларында жылдық инфляцияның баяулауы үкіметтің әкімшілік шаралары нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтер (ТКҚ) тарифтерінің төмендегенімен байланысты болды.
Сонымен қатар ТКҚ тарифтерінің көтерілуі мен ЖЖМ нарығын ырықтандырудың жанама әсерлері инфляцияға және инфляциялық көңіл-күйге айтарлықтай әсер етуде. Сондай-ақ тұрақты ішкі сұраныс, жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру және инфляциялық көңіл күйдің артуы бағаның өсуіне әсер етіп отыр",деп толықтырды Тимур Сүлейменов.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-