Қазақстанда мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды
Бұл ақпаратты Ұлттық банкі таратты. Ұлттық Банкі Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесі ...
Ұрланған кейбір малды ауыл тұрғындары соғымға сойып үлгерген.
Желтоқсан айының басында Мұғалжар ауданы аумағында еркін жайылымнан 13 жылқы ұрланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полиция қызметкерлері аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Темір ауданының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Тергеу мәліметінше, шаруа қожалығына келтірілген материалдық шығын көлемі – 9 млн теңге. Күдікті қараусыз жүрген жылқыларды қораға айдап әкеліп, оларды өзіне шарт бойынша сеніп тапсырылған, алайда бұрын жоғалып кеткен малы бар азаматтарға таратқан.
Жылқылардың бір бөлігі полиция қызметкерлері тарапынан тәркіленді. Аталған дерек бойынша мал ұрлығы белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұл ақпаратты Ұлттық банкі таратты. Ұлттық Банкі Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесі ...
Пәтер таңдап, оны ипотекаға рәсімдеп, көптен күткен үйіңіздің кілтін қолға алғаннан кейін де одан айырылып қа ...
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы Қобда ау ...