Қазақстанда мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды
Бұл ақпаратты Ұлттық банкі таратты. Ұлттық Банкі Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесі ...
Қараша айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция төмендеп, 12,4% деңгейінде тұрақтады.
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Ол инфляцияға ең үлкен үлесті азық-түлік тауарлары бағасының өсуі қосып отырғанын атап өтті. Жылдық көрсеткіш жекелеген азық-түлік өнімдерінің әлемде бағасы жоғарылап кеткенімен және ішкі өндірістің өсіп келе жатқан шығындарымен байланысты 13,4%-ды құраған.
Қарашада азық-түлік емес инфляция 11,2%-ды, ақылы қызметтер инфляциясы 12,3%-ды құрады.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, 2025 жылғы қазан-қараша айларында жылдық инфляцияның баяулауы Үкіметтің әкімшілік шаралары нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтер (ТКҚ) тарифтерінің төмендегенімен байланысты болды.
Сонымен қатар ТКҚ тарифтерінің көтерілуі мен ЖЖМ нарығын ырықтандырудың жанама әсерлері инфляцияға және инфляциялық көңіл-күйге айтарлықтай әсер етуде.
«Сондай-ақ тұрақты ішкі сұраныс, жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру және инфляциялық көңіл күйдің артуы бағаның өсуіне әсер етіп отыр», – деп толықтырды Тимур Сүлейменов.
Бұл ақпаратты Ұлттық банкі таратты. Ұлттық Банкі Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесі ...
Олар Қазақстанда "қате жіберілген" аударымдарға байланысты алаяқтық оқиғалар жиілеп кеткенін жасырмайды. Бұл турал ...
Шетелдік бақылаушылар мен мамандар "Қазақстанда табысты бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай жасалған" деп ашық айтып о ...