• 29-04-2026

Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтті.

"Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін", — деді президент.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз