• 29-04-2026

Димаш Құдайберген тағы да бір атаққа ие болды (фото, видео)

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген ҚазҰМУ-дың Құрметті профессоры атанды. Бұл туралы ақпарат жоғарғы оқу орнының Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ЖОО-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, әйгілі әнші С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттерімен және оқу орнының ұжымымен кездесіп, өзінің өмірлік және шығармашылық жолы туралы ой бөліскен.

Кездесуде Димаш ең алдымен адамның бойындағы рухани байлығын бағалайтынын атап өткен.

"Талант пен кәсіби қабілет одан кейінгі нәрсе. Егер ішкі негіз болмаса, қандай жетістікке жетсең де, оның салмағы сезілмейді", — деді ол.

Сондай-ақ әнші ҚазҰМУ студенттеріне арнаған сөзінде медицина мамандығының күрделілігі мен жауапкершілігін атап өтіп, нағыз жұлдыздар деп дәрігерлерді атады.

"Сіздер өте қиын әрі жауапты жолды таңдадыңыздар. Медицина – қателікті кешірмейтін сала. Бұл үздіксіз ізденісті, өз-өзіңе талап қоя білуді қажет етеді. Меніңше, нағыз жұлдыздар – дәрігерлер. Олар күн сайын адам өмірін сақтап қалады", — деді халық әртісі.

Кездесу барысында Димаш Құдайбергенге ҚазҰМУ-дың Құрметті профессоры атағы табысталған.

Бұл атақ оған мәдениетті дамытуға, жастардың рухани тәрбиесіне қосқан үлесі және Қазақстанның халықаралық имиджін ілгерілетудегі еңбегі үшін берілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (@kaznmu)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (@kaznmu)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз