• 29-04-2026

Шымкентте 3 жасар бала 16 магнит жұтып қойған


Ота кезінде асқазан қуысынан шыққан магниттің ұзындығы шамамен 0,5 сантиметр.


Ата-анасының айтуынша, ол ойнап жүріп бірнеше магнит жұтып қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қабылдау бөлімінде науқасқа шұғыл медициналық шаралар жүргізіліп, кейін хирургия бөлімшесіне жатқызылады.
Рентгенологиялық зерттеудің тікелей проекциясында баланың ішінен бөгде зат анықталды.

"Балаға жедел ота жасалды. Ішіне видеоэзофагогастроскопия жүргізіліп, асқазан қуысынан диаметрі шамамен 0,5 сантиметр болатын 16 магнит анықталды. Бөгде заттар эндоскопиялық граспердің көмегімен ағзадан толық алынып тасталды", — дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі таңда баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне төнген қауіптің алдын алды, дейді мамандар.