2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
8 наурызда басталған әлем чемпионаты 17 наурызға дейін жалғасады.
Назым Қызайбай (48 кг) Әлем чемпионатын жеңіспен бастады. 1/8 финалда қазақстандық боксшы словакиялық Николь Дуриковамен кездесіп, үшінші раундта қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді. Осыдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты.
31 жастағы Қызайбай үшін бұл жекпе-жек 2024 жылғы Париж Олимпиадасың қола жүлдесінен кейінгі алғашқы сайыс болды. Назым – қазақ боксы тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы. Ол әлем чемпионаттарында екі алтын (2014, 2016) және бір қола (2012) медаль иеленген.
Карина Ибрагимова (57 кг) да Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Жарысты сәтті бастаған қазақстандық боксшы алғашқы кездесуінде колумбиялық Валерия Арболеданы 5:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Карина – әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері: 2023 жылы күміс медаль жеңіп алса, 2018 және 2022 жылдары қола медаль иеленген.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...