Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Алматыда пәтерін жалға беріп, кейін тексеруге келген үй иесі төңкерілген жиһаз, сынған ыдыс-аяқ және қабырға мен едендегі қан іздерін көріп шошыған. Полицейлер тексеріс жүргізіп, пәтерде не болғанын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде пәтердің ішінен түсірілген видео жарияланды. Кадрларда үй ішінде қырғын болғандай көрініс байқалады: жиһаздар төңкерілген, ал қабырғалар, еден, есіктер мен басқа да заттар қанға боялған.
Жазбада бұл жалға берілген пәтер екені айтылады.
Алматы Полиция департаменті пәтерде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалмағанын мәлімдеді.
"Оқиға Бостандық ауданындағы пәтерлердің бірінде болғаны анықталды. Тұрғын үйде апалы-сіңілі қыздар болған. Сынған шыны бөтелке біреуінің аяғын кесіп кеткен. Оқиға орнындағы қанды іздердің көп болуы дәл осы жарақатқа байланысты", — деп хабарлады ведомство.
Сондай-ақ, полиция өкілдері олармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлы ...