Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Қазақстан фиджитал-спортта алға шықты.
Абу-Дабиде өтіп жатқан Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирінде қазақстандық PBC Astana командасы фиджитал-баскетболдан (Phygital Basketball 3x3) жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финал жолдамасы үшін өткен шешуші матчта PBC Astana FlashBasket командасын тартысты ойында 27:25 есебімен жеңді. Кездесудің тағдыры соңғы секундтарда шешілді. Команда турнирді жоғары қарқынмен бастап, топтық кезеңде Bad Boys ұжымын 39:24 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Алайда Moskowsky командасынан 23:40 есебімен жеңілген ойыннан кейін қазақстандықтар тактикалық тұрғыда қайта жинақталып, плей-оффқа тың серпінмен шықты.
Плей-офф кезеңінде PBC Astana Derventa Esports Umbrella командасын 39:26 есебімен жеңіп, ширек финалдан сүрінбей өтті. Ал FlashBasket-тен алған жеңіс команданы жартылай финалға шығарды. Осылайша, PBC Astana Phygital Basketball 3x3 FreeStyle дисциплинасы бойынша басты жүлдеге үміткерлердің бірі екенін дәлелдеді.
Фиджитал-баскетбол — спорттың гибридті форматы. Алдымен командалар баскетбол симуляторы бойынша бейнеойында бақ сынаса, кейін нақты 3x3 алаңында ойынды жалғастырады. Қорытынды нәтиже цифрлық және физикалық кезеңдердің жиынтығымен анықталады. Бұл формат ойыншылардан киберспорттық шеберлікпен қатар, физикалық дайындық пен командалық үйлесімділікті талап етеді.
Оқи отырыңыз: Абу-Дабиде The Games of the Future Abu Dhabi 2025 турнирі ашылды
Games of the Future Abu Dhabi 2025 — фиджитал-дисциплиналар бойынша өтетін ірі халықаралық турнир. Жалпы жүлде қоры шамамен 5 млн АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде 3x3 фиджитал-баскетбол бәсекесінің жүлде қоры 400 мың доллар. Турнир жеңімпаздары беделді кубокты иеленіп қана қоймай, 2026 жылы Астанада өтетін Games of the Future турниріне қатысу құқығына ие болады.
PBC Astana командасының Абу-Дабидегі табысты өнер көрсетуі Қазақстанның фиджитал-спортты дамытудағы әлеуетін көрсетіп, елдің жаңа спорт форматындағы жетекші позициясын нығайта түсті.