«Менсінбегендер де болды»: Асанәлі Әшімовтың әйелі ауыр тағдыр жолын ашық айтты (ВИДЕО)
Жақында дүниеден өткен марқұм, қазақ киносының майталманы, аңыз адам Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова көп ...
Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қазасы туралы жантебірентерлік жазба арнады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Асқар тауымыз едің — аласармадың… Аспанға кеттің… Мәдиіңді ойлап мұң байладың… Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың… Қатарыңнан жалғыз едің — соңдарынан кеттің… Қатарымнан жалғызбын — арттарында қалдым…. Ағалық жасап арқамнан қақпадың — әлжуаздықтан сақтадың…Көкем болып, көңілімді өсірмедің — кішілігім кем боп жақпадым… Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің — өз күшіме сендірдің… Сүйеніш болмадың — жансірілікке үйреттің… Тірегім болмадың — табаным таймастай тағаладың… Белімді бумадың — бекемдікке баулыдың… Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың… Соңыңда қалдырмадың — ізіңде жүргенімді сездің… Қатарымды тептің… Тізеңді батырдың — Мен кештім… Биіктігіңе парапар, Пенделігіңді көрдім — Өзің де кеш… Өкпеге қисам да, Өлімге қимадым… Сарыуайым — Сағынышқа айналдың… Қош… Бақұл бол…», деп жазды ол.
Жақында дүниеден өткен марқұм, қазақ киносының майталманы, аңыз адам Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова көп ...
64 жыл бұрын (1961-1999) актёр, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сағи Асанәліұлы Әшімов дүниеге келді ...
Иран астанасының көшелеріне Израильмен қақтығыс кезінде қаза тапқандармен қоштасу үшін халық жиналған, деп жаз ...