Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Бұл сомаға 409 шақырым жол ретке келтірілмек .
Павлодар облысында жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесін жыл соңына дейін 98%-ға жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Жергілікті әкімдік мұндай көрсеткішке қол жеткізу үшін биыл 409 шақырым жергілікті маңызы бар жол мен елді мекен көшелерін асфальттамақ. Соның аясында барлығы 106 жоба жүзеге асады. Бұл мақсатқа 25,4 млрд теңге қарастырылды.
Сонымен қатар, биыл 32 ауылға кіреберіс жол жөнделмек. Бұл дегеніңіз – барлығы 102 шақырым. Оны ретке келтіруге қазынадан тағы 6,7 млрд теңге бөлінеді. Оның 1,6 млрд теңгесі республикалық қазынадан қарастырылса, 5,1 млрд теңге облыс бюджетінен бөлініп отыр. Қалған 31 ауылға кіреберіс жолды келесі жылы жөндеу жоспарланған. Сөйтіп, 2026 жылы өңірдегі барлық ауылдағы кіреберіс жолдар толығымен жаңа кейіпке енеді.
"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы және бонустық трансферттер аясында 30 ауылдың жолы жаңартылады. Аудан-қалалардың жеке қаражаты есебінен жалпы сомасы 7,9 млрд теңге болатын 30 жоба да қарастырылуда.
Павлодар облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Қашкировтің сөзінше, мұндай ірі көлемдегі жол жұмыстарын жүргізуге облыстағы құрылыс кәсіпорындары да қауқарлы. Бүгінде өңірде 23 асфальт-бетон зауыты, қиыршықтас өндіретін 13 кеніш және битум шығаратын бір зауыт жұмыс істейді. Биыл жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 30 мың тонна битум мен 700 мың тонна қиыршықтас қажет. Мұндай көлем аймақта жеткілікті.
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді. Ауа райының нашарлауына байланысты ...
Атырау облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу ен ...