Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Көп адам тұратын жерде жылы аялдамалар орнатылып жатыр.
Бір жылы аялдама 10 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін тұрады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкімнен "Алдағы уақытта Астанадағы барлық аялдама толыққанды жылы аялдамалармен ауыстырыла ма?" деп сұрады.
"Жалпы біз жылына 50-ден 100-ге дейін жылы аялдамаларды іске қосып жатырмыз. Бірақ алдында айтып кеткендей, қала өсіп жатыр, жаңа аудандар пайда болып жатыр. Мысалы, былтыр алтыншы аудан пайда болды. Келесі жылы қаланың дамуы осы деңгейде болса, тағы да аудандар пайда болуы ықтимал. Бір жылы аялдама 10 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін тұрады. Бұл біріншіден бюджетке байланысты. Екіншіден, ол жерде он жолаушы болса, мұндай аялдама қажет пе, қажет емес пе деген мәселе бар. Біз көп адам тұратын жерде ондай аялдамаларды қойып отырмыз", – деді Жеңіс Қасымбек.
Елорда басшысының айтуынша, жылына әрбір ауданда осындай 15 жылы аялдама салынып, орнатылады.
"Сондықтан бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады. Бюджеттің шамасы көбірек болса, онда көбірек саламыз", – деді қала әкімі.
Жеңіс Қасымбек мұндай жылы аялдамалар толығымен әкімдіктің бақылауында екенін айтты.
Айта кету керек, бұған дейін Астанада қоқыс жағатын зауыт салынатынын жазғанбыз.
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...