АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлық жолдады. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Руслан Желдібайдың Telegram-дағы арнасында хабарлауынша, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелескен.
Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерін бөліскен.
"Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты "халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам" деп сипаттады", — деді Руслан Желдібай.
Сондай-ақ АҚШ президенті мемлекет басшысына сый-сыяпат жасап, сәлемдеме жолдаған. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-