Атырау қаласында әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шығарылды.
Қылмыс 18 тамыз күні Балықшы шағынауданында болған. Сотта анықталғандай, 41 жастағы ер адам алкогольдік масаң күйде бола отырып, әйелін қызғанған. Ол жұбайының ұялы телефонын тексеріп, содан кейін ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған. Әйел адам басқа бөлмеге кетіп, ұйқыға жатқан.
Біраз уақыттан кейін ер адам ас үйден қамыр жаятын оқтауды алып, жатын бөлмеге қайта кіріп, ұйықтап жатқан әйелінің басынан бірнеше рет ұрған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында, есін жимастан көз жұмған.
Істі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сот ер адамды кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танып, оны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді. Сондай-ақ марқұмның туыстарынан және өзінің екі қызынан кешірім сұрады.
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-