Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
Бұл туралы Kazakh Invest баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қазақстандық Zhabyak компаниясы мен Senko Farm жапон нарығына жылқы мен жылқы етінен өнім экспорттауды көздейтін меморандумға қол қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құжат тұрақты жеткізілімдер жасауды, сонымен қатар экспорттық операцияларға байланысты ұйымдастырушылық және логистикалық мәселелерді үйлестіруді қамтиды.
Келісімде қазақстандық тарап Жапонияның қатаң ветеринариялық және санитариялық талаптарын ескереді. Сапа, қадағалау және сертификаттау стандарттарын сақтап, қазақстандық өнімнің жапон нарығына кезең-кезеңімен жеткізілуін қамтамасыз етеді.
– Біз бұл келісімге қол жеткізу үшін 5 жылдан аса уақыт бойы жұмыс істеп келеміз. Осы уақыт аралығында біз өндіріс процестерін бейімдеу, барлық қажетті рұқсатты алу және жапон нарығы талап ететін сертификаттауға қол жеткізу бойынша ауқымды жұмыс атқардық. Senko Farm-мен меморандумға қол қою – маңызды кезең, ол қазақстандық жылқы етінің әлемдегі ең талапшыл нарықтардың біріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді және өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін растайды, – дейді "Zhabyak" ЖШС негізін қалаушы Игорь Жабяк.
Еске салайық, аталған меморандумға қол қою ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Токиоға ресми сапарының қорытындысы бойынша өтті.
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...