• 29-04-2026

"Kinder" өнімінде қауіпті заттар бар ма? – ДСМ түсініктеме берді


Әлеуметтік желілерде "Kinder" өнімінде қауіпті заттар бар деген ақпарат таралуда.


Бұл жағдайға қатысты Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Бұл мәліметтердің ескірген және 2016 жылға қатысты екендігін хабарлаймыз.

Аталған мәселе бойынша ЕАЭО-ның құзыретті органдары өз уақытында тексеру жүргізген, нәтижесінде қандай да бір заңбұзушылық фактілері расталмаған", – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта бұл өнімге қатысты халықтан шағымдар мен өтініштер тіркелген жоқ.

"Тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне ғана сенулеріңізді сұраймыз".