Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингтегі көшбасшылық орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, дзюдодан спорттық маусым аяқталды. Әлемдік турдағы соңғы жарыс Жапонияның Токио қаласында өткен Grand Slam турнирі болған.
Қазақстан құрамасы бұл жарысқа қатысқан жоқ. Алайда бұл Әбиба Әбужақынованың әлемдік рейтингтегі көшбасшылық орнын сақтап қалуына кедергі келтірмеген.
Жыл соңында қазақ спортшының еншісінде 5096 ұпай бар. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рейтингтің бірінші орында тұр.
Өкінішке қарай, басқа қазақстандық дзюдошылардың ешқайсысы үздік ондыққа ене алмаған. Дегенмен Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) пен Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) бұл межеге жақын болған еді. Екеуі де 14-орында тұр.
Айта кетейік, биыл Әбиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-