Өзбекстан суды үнемдеуді күшейтеді
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Елордада Жұмысшы мамандықтарын ұлықтауға арналған «Еңбек пен Ерлік дастаны» республикалық әдеби байқауы қорытындыланды.
Сайысқа ел ішінен 45 тың туынды келіп түсті. Қазылар алқасының шешімімен, Бас жүлдені «Маңдай тер» поэмасы үшін ҚР Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі ақын Ғалым Жайлыбай иеленді. Екінші орынды Аслан Біржанұлы мен Әйгерім Оспанова бөліссе, үшінші орынға Нұртас Тұрғанбек, Ерден Нұрахмет, Ділдәр Мамырбаева және Ақылбек Шаяхмет лайық деп танылды.Салтанатты кеш соңында жеңімпаздарға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Енді үздік шығармалар алдағы уақытта жеке жинақ болып жарық көріп, оқырманға жол тартпақ. Айта кетейік, іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды.
Ғалым Жайлыбай, ҚР Абай атындағы Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері:
- Еңбек адамдарын кейіпкер етіп, оларды насихаттау мақсатында «Ерлік пен еңбек дастаны» деген әдебиеттің түрлі жанрларында, поэзияда, проза жанрлары бойынша конкурс жариялаған болатын. Менің «Маңдай тер» деген поэмасының кейіпкері сонау Жезқазған мыс зауытының балқытушысы Тілеубаев Жұмабай деген азамат 33 жыл бойы пештің аузында 1650 градуста еңбек етеді.
Ерден Нұрахмет, жазушы:
- Осы байқауда аула тазалықшшысы, көше тазалайтын мамандардың еңбегін бағалап, сол кісілердің еңбегіне риза боламын. Қаламыздың тазалығы, жер бетінің тазалығы сол кісілердің еңбегі. Соған орай қаланың соңғы сыпырушысы деген әңгіме жазған болатынбыз. Байқауда жүлделі 3-орынды алып отыр.
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...