• 29-04-2026

KASE-де доллар бағамы айтарлықтай арзандады


Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы 512,81 теңге деңгейінде белгіленген.


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы төмендеді.

Сауда нәтижесіне сәйкес, доллардың орташа бағамы 7,44 теңгеге арзандап, 504,60 теңгені құрады. Ал Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы 512,81 теңге деңгейінде белгіленген.

Kurs.kz деректеріне сүйенсек, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 502,31 теңгеден сатып алынып, 506,65 теңгеден сатылып жатыр.
Еуро бағамы 591,53–598,81 теңге аралығында, ал рубль 6,40–6,54 теңге шамасында саудаланып жатыр.


Оқи отырыңыз: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды


Астана қаласындағы айырбастау орындарында доллар 499,78 теңгеден сатып алынып, 506,78 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны сатып алу – 585,43 теңге, сату – 595,43 теңге. Ал рубль 6,37 – 6,52 теңге аралығында саудаланып жатыр.