• 29-04-2026

"Ашық тұрған терезе үшін": Теміртау тұрғыны автобуста 18 жастағы жігітке пышақ ала жүгірген

Теміртаудағы автобустардың бірінде екі жолаушы өзара ерегісіп, салдарынан жанжал туындаған. 30 жастағы ер адам 18 жастағы жігітке пышақпен тап берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жанжалдың видеосын қала тұрғындары Instagram-дағы "Совет Теміртау" паблигінде жариялаған. Кадрлардан қан іздерін көруге болады.

"Не болып жатыр? Көшеге шығуға қорқатын болдық. Балалар үшін қорқамыз", "Біресе мектепте, біресе автобуста! Неге олай болып жатыр? ІІМ бұл мәселеге бас қатырғаны дұрыс шығар?!", — делінген видео жазбасында.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметіне сай, оқиға 26 желтоқсанда болған. 1 жастағы жігіттің аяғын пышақпен жарақаттады деген дерекпен Теміртау тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"Полиция жасағы оқиға орнында 30 жастағы ер адамның жеке басын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала анықталған дерек бойынша, зардап шегуші мен күдіктінің арасында автобус терезесін ашуға қатысты тұрмыстық жанжал туындаған", — делінген ПД хабарламасында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз