Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде күн бұзылатынын хабарлады. Кей өңірде жаңбыр жауса, кей өңірде қар жауады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырауда тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күннің бірінші жартысында облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, түнде облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с. Шымкентте оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда түнде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Петропавлда қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбеде кей уақыттарда тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Оралда қар, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с. Семейде жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскеменде жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Қостанай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Қостанайда қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.
Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қонаевта оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Астанада жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
30-31 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.
30-31 желтоқсанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз