• 29-04-2026

Алматыда түн ортасында жаппай жол апаты болды: зардап шеккендер бар


Алматыда 29 желтоқсан күні кешке төрт көліктің қатысуымен жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Апат әл-Фараби даңғылында, батыс бағытта қозғалыс кезінде, Назарбаев даңғылына жетпей болған.

Mercedes автокөлігінің жүргізушісінің айтуынша, оның көлігіне артқы жағынан жоғары жылдамдықпен Toyota ED соқтығысқан. Соққының салдарынан Mercedes рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен, жолды бөліп тұрған бордюрден асып өтіп, жол айрығының тіреу бағанасына соғылған.

Ал Toyota ED соқтығысқаннан кейін қарсы жолаққа шығып кетіп, жоғары жылдамдықпен келе жатқан Hyundai Custin автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына төртінші көлік те қатысуы мүмкін, алайда ол айтарлықтай зақым алмағандықтан, оқиға орнынан кетіп қалған.

Апатқа қатысушылардың сөзінше, Toyota ED көлігін жас жүргізуші басқарған. Ол жоғары жылдамдықпен жүріп, жолақтар арасында жиі ауысқан. Кезекті маневр кезінде Mercedes көлігімен соқтығысқан.

Зардап шеккендердің нақты саны анықталуда. Оқиға орнына жедел жәрдемнің бірнеше бригадасы келді. Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен төрт адамға медициналық көмек көрсетілген.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.