Қарағанды облысында жолдар жабылды
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Қарағандылықтарды жыл сайынғы «Армысың, әз Наурыз » атты жас ақындар айтысына шақырады. Оған облыстың талантты айтыскерлері қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Армысың, әз Наурыз» айтысы Қарағандыда Наурыз мерекесі қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіледі. Оны Облыстық бос уақыт және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырады.
Облыстық әкімдік мәліметінше, биыл шығармашылық сайыста 2024 жылы өңірдің «Үздік айтыскер» атағына ие болған Нұрмұхаммед Байсүгір, Тілеген Әділ, Айтбай Жұмағұлов, Дидар Ками және Мақсат Аханов және т. б. республикалық айтыстардың қатысушылары мен жеңімпаздары өнер көрсетеді.
Айтыскерлердің сайысы Кеншілер мәдениет сарайында 17 наурызда сағат 19:30 өтеді. Кіру тегін.
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Қазақтаннан шыққан тұңғыш әйел композитор кім? Білесіз бе? Ол Мәскеудегі Чайковский атындағы мемлекеттік ко ...
Қарағандының «Шахтёр» футбол клубын Freedom Holding Corp. тобына кіретін, кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі компания с ...