Түркістанда кәсіпкерлердің қолдауымен өрт сөндіру бекеті ашылды
Жоба кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылды. Түркістан облысының Құтарыс ауылында "Ауыл құтқарушылары" ба ...
Ұлттық киноны қолдау орталығы мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеудің бірінші кезеңіне сценарийлер мен сценарий жоспарларын қабылдаудың аяқталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Электронды түрде тіркелген өтінімдердің жалпы саны – 444.
"2025 жылы анимациялық, деректі және ойын фильмдерінің әртүрлі санаттары бойынша біршама өтінім келіп түсті. Анимация саласында 42 өтінім берілген. Деректі-хроникалы фильмдер санатында 103 өтінім түсті. Ойын фильмдеріне келетін болсақ, 299 өтінім келген.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін Орталық өтініш берушілер ұсынған құжаттарды Сараптама кеңесінің қарауына енгізеді. Сценарийлерді немесе сценарий жоспарларын Сараптама кеңесінің мүшелері фильм түрлері бойынша секцияларда қарастырады. Кеңес құрамы 20 жұмыс күні ішінде басым тақырыптарға, сюжеттің құрылымы мен драматургия принциптері секілді басты талаптарға назар аударып, өтінімдерді қарап шығады. Екінші кезеңде Сараптама кеңесі ұсынған жобалардың құжаттар пакеті жинақталады. Бұл ретте қате орын алса, оны түзеуге 3 күн уақыт беріледі", – деп хабарлайды Кино орталығының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, биыл конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін өтінім қабылдау 5-13 наурыз (12 наурыз сағат 23:59) аралығында жүргізілді. Бұған дейін қаңтар айында кино түсіруге арналған басым тақырыптар жарияланды. Сонымен қатар Кино орталығы жанынан консультациялық қолдау шаралары жүргізілуде.
Кино орталығының кеңсесінде жеке консультациялар, телефон қоңыраулары арқылы сұрақтарға жауап берілді, әлеуметтік желіде жаңа ережеге, конкурсқа қатысты қажетті мәліметтер жарияланып келеді.
Жоба кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылды. Түркістан облысының Құтарыс ауылында "Ауыл құтқарушылары" ба ...
Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы қазақ-грузин ынтымақтастығының перспективаларын талқылап, екі ел арасынд ...
Елде ормандарды қалпына келтіру және жасыл желектерді көбейту жұмыстары жалғасып жатыр , деп хабарлайды 24kz ...