"Реал" Чемпиондар лигасында теңдессіз рекорд жасады
Мадридтік клуб УЕФА Чемпиондар лигасында ширек финалға шығу саны бойынша ерекше нәтижені тіркеді. "Реалдың" ...
Бір ғажабы, 40 жастағы ер адамға жасанды жүрек өмір сыйлауда.
Ол өнертапқыш Даниэль Тиммс жасаған құрылғымен 100 күннен аса уақыт өмір сүріп, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ABC News-ке сілтеме жасап.
2024 жылдың қараша айында Сидней хирургтары 6 сағаттық операция жасап, науқасқа титан BiVACOR толық жасанды жүректі имплантациялаған еді. Бұл жасанды жүректің өзгелерден айырмашылығы механикалық бөліктері тозбайды.
Құрылғы авторы – австралиялық өнертапқыш Даниэль Тиммс. Бала кезінде әкесімен бірге су сорғыштарын жөндеген маман бұл салаға қатты қызығыпты. Әкесінің жүрек ауруынан қайтыс болғаны жанына қатты батса керек, Тиммс жасанды жүректі жасап шығуға бар күш-жігерін жұмсаған.
Ол былтыр шілде айында Техас жүрек институтында науқасқа алғашқы жасанды жүректі имплантациялады, бірақ көптен күткен нәтиже тіркелмеді. Бұл жолы Австралиядағы науқастың құрылғымен өмір сүріп жатқанына 100 күн толды. Қазір оның жағдайы жақсы деп бағаланады.
BiVACOR жүрегі сыртқы батареядан қуат алады, болашақта сымсыз зарядтау технологиясын енгізу қарастырылып жатыр.
Айта кетейік, Австралияда жыл сайын шамамен 5000 адам жүрек ауруынан жан тапсырады. Елде донор тапшылығына байланысты жүрек трансплантациясы 19 пайызға қысқарған. Ал BiVACOR болашақта адамның жүрегін ауыстыруда оң шешім екенін көрсетуі мүмкін.
Биыл Австралияда тағы төрт пациентке BiVACOR жүрегі орнатылмақ.
Мадридтік клуб УЕФА Чемпиондар лигасында ширек финалға шығу саны бойынша ерекше нәтижені тіркеді. "Реалдың" ...
Австралиялық дәрігерлер әлемде алғаш болып науқасқа жасанды жүрек орнатты . Бұл туралы «Рейтер»агенттігі х ...
22 наурыз күні Каспий жағалауында қазақ халқының ұлттық киімі мен салт-дәстүрін әлемге танытатын «Kazakh R ...