5,6 млрд теңге: жасөспірім цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастырған
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті тиісті рұқсат құжаттарынсыз цифрлық активтердің заңсыз айналымына қатысты істің ...
Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Әбдірахман Ишмұхамедов өмірінің 60 жылын ұстаздыққа арнады. Ол майданда байланысшы болып қызмет етіп, бірнеше аймақ пен елді азат етуге қатысты. Бірақ ең басты жетістігі деп жоғары оқу орындарындағы ғылыми қызметін санайды.
Қостанай облысында дүниеге келген Әбдірахман Шәріпұлы 17 жасында өз еркімен майданға аттанды. Соғыста байланысшы болып қызмет етіп, оқ пен оттың арасында жүріп бөлімшелер арасындағы сенімді байланысты қамтамасыз етті. Ол Псков, Новгород облыстарын және басқа да бірнеше өңірді азат етуге қатысты. Жеңісті Румынияда қарсы алды.
Әбдірахман Ишмұхамедов, соғыс ардагері:
- Бір-бірімізге дос болдық. Бірге ботқа жедік. Бірге соғысты, жұмысын қосылып істедік. Мен өзім байланыспен жақынмын. Бұзылса, жүгіріп барып дұрыстаймыз. Күн-түн болса да қарамай, жаңбырға қарамай, суыққа қарамай жүгіреміз.
Майданнан оралғаннан кейін ғылым мен педагогикаға бет бұрып, философия ғылымдарының докторы атанды. 60 жылдан астам уақыт қоғамдық ғылымдар пәнінен сабақ беріп, зерттеу жұмыстарымен айналысып, шәкірт тәрбиеледі. Ол өзінің өмір жолындағы ең басты жетістігі ретінде осы қызметін мақтан тұтады.
Әбдірахман Ишмұхамедов, соғыс ардагері:
- Мен кандиттығын, докторлығын қорғауға көмектескенмін. Ол бір 20 шақты адам. Оның ішінде Әбеуова, Иватова деген болған. Училищенің жас курсанттары келді. Әлбетте айтып беремін. Оларға қандай маман болсаң да жақсы білу керек деймін. Мұғалім болсын, дәрігер болсын.
Жауынгерлік ерлігі үшін ардагер «Қызыл жұлдыз» ордені, I дәрежелі «Отан соғысы» ордені және басқа да марапаттарға ие болды. Үш баласынан немере-шөбере сүйді.
А.Садуақас, С.Бейсекенов
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті тиісті рұқсат құжаттарынсыз цифрлық активтердің заңсыз айналымына қатысты істің ...
Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz ...
Қазір қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматыдағы әуежайд ...