Қазақстан-Словения келіссөздерінің қорытындысы туралы баяндалды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, келіссөз қорытындысы туралы баянд ...
Түркия президенті Украина мен АҚШ-тың 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсынысын бағалап көрді.
Ол екі көршінің соғысты бейбітшілік арқылы аяқтағанын қалайды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.
Ердоған Сауд Арабиясында өткен бейбіт келіссөздер барысында Киевтің ұстанымына қатысты пікірін айтты.
– Украинаның атысты тоқтатуға келісуі оң қадам деп санаймыз. Ресей де бұл ұсынысқа конструктивті түрде жауап береді деп үміттенеміз, – деді ол.
Оның сөзінше, Түркияның Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты ұстанымы алғашқы күннен бастап айқын болған.
Түркия көшбасшысы жағдайға байланысты Ресей мен Украинаның келіссөздерге отыру мүмкіндігі туындаса, Анкара кез келген көмекті көрсетуге, келіссөздерді ұйымдастыруға дайын екенін алға тартты.
– Біздің аймақ соғыстарға, қақтығыстарға және қайғы-мұңға толы. Біз өңірде бейбітшілік пен тұрақтылық орнайды деп үміттенеміз. Түркия бұл бағыттағы күш-жігерін жалғастыра береді, – деп қоса кетті Ердоған.
Айта кетейік, 11 наурызда Сауд Арабиясында өткен кездесу қорытындысында Украина егер Ресей де осындай қадам жасаса, 30 күндік атысты тоқтату режимін енгізуге келісетінін мәлім етті.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио өз кезегінде Вашингтонның Ресейге атысты тоқтату ұсынысын дереу жолдайтынын және бұл ұсынысқа келісуі керегін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, келіссөз қорытындысы туралы баянд ...
Словенияның Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициясының көлемі 200 миллион долларға жуықтады. Қас ...
Эр-Риядта АҚШ-Украина келіссөздері бүгін қайта жалғасты. Бұл туралы «Франс-Пресс» агенттігі хабарлады. Ек ...