2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
ҚФФ Төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры қызметіне 52 жастағы португалиялық маман Нуну Алешандре Паррейра де Каштру тағайындалды .
Де Каштру – Еуропадағы төрешілік саласының жетекші мамандарының бірі.
"Каштрудың бұл қызметке тағайындалуы Қазақстандағы төрешілік жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Оның халықаралық тәжірибесі, заманауи әдістері мен төрешілік саласындағы терең білімі төрешілерді дайындау жүйесін жетілдіруге, ұлттық жарыстардағы төрелік сапасын арттыруға және Қазақстанның әлемдік футбол қауымдастығындағы орнын нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, аталған реформалар аясында төрешілердің, инспекторлардың, ТВ-инспекторлардың және VAR операторларының қаржылық жағдайы екі есе ұлғайтылды. Бұл олардың еңбегін әділетті бағалап, төрешілік сапасының артуына септігін тигізеді", – деді ҚФФ президенті Марат Омаров.
34 жылдық мансабында ол Португалия футбол федерациясы мен Бельгия футбол қауымдастығында маңызды қызметтер атқарды. Атап айтқанда, төрешілер департаментін басқарып, төрешілерді тағайындау, әкімшілік басқару және VAR жүйесін енгізу жұмыстарын қадағалады.
Сонымен қатар, Португалия футбол федерациясының Төрешілер академиясының техникалық директоры ретінде төрешілерді дайындаудың кешенді жүйесін әзірлеп, заманауи оқыту әдістерін, онлайн бағдарламаларды және төрешілік шеберлікті дамытуға бағытталған CORE жобасын іске қосты.
Халықаралық деңгейде УЕФА-мен тығыз жұмыс істеген ол CORE бағдарламасының нұсқаушысы болып, жетекші турнирлерде төрешілердің жұмысын қадағалап, Англия, Ирландия, Украина және Швециядағы төрешілік жүйесінің дамуына үлес қосты.
CORE бағдарламасының тәлімгері ретінде ол Бенуа Бастьен, Гленн Нюберг секілді жоғары деңгейлі төрешілерді дайындады.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...