Шаштараз бен сұлулық салондарындағы қызмет құны 12 пайызға өсті
Бірақ соған қарамастан сұраныс жоғары екен. Қазақстанда шаштараз бен сұлулық салондарындағы қызмет құны ...
Бұрын мүгедектігі бар жүргізушілер қарсы жолаққа шықса, жазасы жеңіл еді. Енді олар да 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
Қазақстанда заң бұзған жүргізушілерге айыппұл көлемі өсті, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Енді олар тек ақшалай жазамен құтыла алмайды. Жол ережесін бұзса күніне төрт сағат көше сыпырады. Теміржол өткелін елемей кесіп өтсе екі есе айыппұл арқалайды. Демек, 70 мың теңгесін санап береді.
Бүгіннен бастап жүріп бара жатқан көліктің терезесінен басыңызды шығарып, есігін ашуға болмайды. Ал заңмен тыйым салынған әрекетке жол берсеңіз бірден 35 мың теңге айыппұл аласыз және жауапкершілік тек жүргізушіге артылады.
Демек, жолаушы қозғалыстағы көліктен басын шығарса, немесе есігін айқара ашып, ойына келгенін істесе заң алдында рөлдегі адам жауап береді.
Сонымен қатар бұрын мүгедектігі бар жүргізушілер қарсы жолаққа шықса, жазасы жеңіл еді. Енді олар да 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Яғни, 105 мың теңге. Мұны тұрғындар қолдап отыр.
Бұдан бөлек, бүгіннен бастап қарсы жолаққа шығып, жол апатына себепші болған жүргізушілер тоғыз айға көлік айдау құқығынан айырылады. Ал теміржол өткелін елемеу екі есе қымбаттады. Бұрын айыппұл көлемі 10 АЕК еді, енді 20 АЕК-ке жетті. Ол 70 мың теңге. Ал өткелде апат жасасаң, тоғыз ай көлік жүргізе алмайсың.
Сонымен қатар күзден бастап жедел жәрдем мен полицияға жол бермегендер көше сыпырады. Әрі айыппұл төлейді. Осыған дейін 7 АЕК еді, енді ол бірден үш есеге өсті. 20 АЕК, яғни 70 мың теңге. Ал қайталаса, 140 мың.
Сонымен қатар күзде жаяу жүргіншілер мен самокат тепкендер жол қозғалысы ережесін бұзып, жол апатына себеп болса, 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылады. Қысқасы, енді жолда жүріп, ойланбай әрекет ету қалтаға да, абыройға да ауыр тимек.
Бірақ соған қарамастан сұраныс жоғары екен. Қазақстанда шаштараз бен сұлулық салондарындағы қызмет құны ...
Қазақтың тұңғыш бард ақыны, марқұм Табылды Досымов мінген "Волга" көлігі реставрациядан өткізіледі. Бұл туралы Атыра ...
Бүгін еліміздің 8 облысында 10 республикалық маңызы бар автомобиль жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп ...