ЕО көшбасшылары мен Зеленский Трамппен кездесуінің алдында сөйлесті
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Radian Aerospace компаниясы сағатына 29 мың шақырым қашықтықпен ұша алатын ұшақ тәріздес космоплан жасап жатқанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Radian One деп аталатын аппарат жермаңы орбитасын айналып ұшуға арналған – ол орбитаға бір кезеңнен-ақ шыға алатын және көп рет пайдалануға болатын алғашқы ғарыш аппараты. The Sun мәліметінше, әдеттегі зымырандардан басты айырмашылығы, ол ұшақтарға арналған ұшу-қону жолағынан аттанады және қайта сол жерге қона алады.
Radian One бес адамдық экипажға есептелген, сондықтан Boeing 747-нің орнын баса алмайтыны анық. Дегенмен жылдамдықты талап ететін жағдайларда таптырмас құрал болмақ.
Компания Radian One 2 267 келі болатын жүкті Жердің кез келген нүктесіне бір сағаттан аз уақытта жеткізе алатынын алға тартады. Қайтар жолда жүк салмағын арттыруға да болады.
Radian болашақта бұл космоплан адамдар мен құрылғыларды жеке және мемлекеттік орбиталық станцияларға жеткізеді деп санайды.
Radian One космопланы жүзден астам ұшуды жүзеге асыра алады.
Жолаушылар орбитаға көтеріліп, сонда қала алады. Біз ғаламшарды шамамен 95 минутта айналып өте аламыз, сондықтан қалыпты ұшу Жерді үш рет айналып өтуге тең болады, — деді Radian Aerospace басшысы Ричард Хамфри.
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Зымыранының алғашқы ұшырылуына дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Ұшырылым кешенінде "Союз-5/Сұңқар" зымыран- ...
Михаэла Бентхаус Еуропалық ғарыш агенттігінде аэроғарыш және мехатроника жүйелері бойынша инженер болып жұмыс істейді, ...