2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Қазақстандық спортшы мәре сызығына жақындағанда Латвия спортшысын басып озып, іріктеу кезеңінде екінші орынға ие болды .
Бүгін, 14 наурыз шорт-тректен әлем чемпионаты басталды. Жаһандық дода Қытайдың Бейжің қаласында өтуде.
Жарыс бағдарламасына ерлер мен әйелдер арасындағы 500 м, 1000 м және 1500 м қашықтықтағы жеке жарыстар, сондай-ақ 5000 м қашықтыққа ерлер эстафетасы, 3000 м қашықтыққа әйелдер эстафетасы және 2000 м қашықтыққа аралас эстафета сайыстары кіреді.
Қазақстандық спортшы Әділ Ғалиахметов 1500 м қашықтыққа іріктеуден сәтті өтіп, жартылай финалға шықты.
Ал, тағы бір қазақстандық спортшы Глеб Ивченко (жарыста үшінші орын) әлем біріншілігінің жұбаныш бәсекесінде жарысты жалғастырады. Егер сәтті өнер көрсетсе, оның да жартылай финалға жолдама алуға мүмкіндігі бар.
Қазақстан құрамасынан сынға түсетін спортшылар:
Ерлер:
Абзал Әжғалиев
Денис Никиша
Әділ Ғалиахметов
Мерсаид Жақсыбаев
Глеб Ивченко
Әйелдер:
Яна Хан
Алина Әжғалиева
Зейнеп Құмарқан
Ольга Тихонова
Малика Ермек
Әлем чемпионаты 16-наурыз күні мәресіне жетпек.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...