"Жұқа мұз": елордалық құтқарушылар мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Құтқарушылар қыс мезгілінде мұз үстінде болатын оқыс оқиғалардың алдын алу үшін Есіл өзенінде тұрақты түрде патрульдеу ...
Мұзды қауіпсіз өткізу үшін 13 мыңнан аса бау қамыс, құм толтыруға арналған 3,5 мың қап дайын тұр.
Қазір Қызылорда облысының оңтүстік және орталық бөлігі мұздан толығымен тазарған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Күн райының күрт жылынуы өзенде тағы да сең жүре бастауына әкелді.
Мамандар Сырдария өзеніндегі жағдайдың күнделікті бақылауда екенін айтады.
– Өзеннің оңтүстік және орталық бөліктері мұздан тазарды. Арал және Қазалы аудандарының аумағында толық мұз ұстасып тұр. Ал Қармақшы ауданы аумағының 90% бөлігі мұздан тазарды, – дейді "Қазсушар" РМК облыстық филиалы директорының орынбасары Айдос Асанбаев.
Су тасқыны қаупінің алдын алу үшін өткен мезгілде осал қорғаныс бөгеттерінің 5,4 шақырымы нығайтылған.
– Наурыз айында өзен иірімдеріндегі мұзды қауіпсіз өткізу үшін де 13,2 мың бау қамыс, қада сияқты 3,1 мың инертті материалдар қоры жинақталды. Сонымен қатар, 10,1 тонна дизель отыны, 2,5 тонна бензин және құм толтыруға арналған 3,5 мың қап дайын. Республикалық меншіктегі стратегиялық маңызы бар 4 су торабы транзиттік режимде жұмыс істеп тұр, – деп қоса кетті "Қазсушар" РМК облыстық филиалы директорының орынбасары.
Құтқарушылар қыс мезгілінде мұз үстінде болатын оқыс оқиғалардың алдын алу үшін Есіл өзенінде тұрақты түрде патрульдеу ...
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 1414 SMS-шлюзіне қолжетімділікті күшейту туралы хабарлады. Е ...
Елордада қар мен көктайғақтан тазарту жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қаланың коммуналдық қызметі тәулік бой ...