Мұғалімдер аттестаттаудан онлайн өтеді
Білім беру жүйесінде арнайы әзірленген "Ұстаз" ұлттық платформасы жаппай қолданысқа енгізілді. Бүгінгі таңда ...
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде "Ұстаз" педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасын кезең-кезеңімен енгізу басталды.
Бұл платформа аттестаттау процесін автоматтандыруға және оны ашық әрі әділ етуге мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта платформада "педагог-модератор" және "педагог-эксперт" біліктілік санаттарын алу немесе растау үшін үміткер педагогтерді аттестаттаудың бірінші кезеңі өтуде.
2025 жылы платформа арқылы 150 мыңнан астам қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді деп жоспарланып отыр.
Білім беру жүйесінде арнайы әзірленген "Ұстаз" ұлттық платформасы жаппай қолданысқа енгізілді. Бүгінгі таңда ...