• 14-03-2025

Ұлттық құрылтай - мәселенің шешу жолдарын ұсынатын ықпалды алаң

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Былтыр Ұлттық құрылтайдағы ұсыныстардан соң елімізде 9 жаңа заң қабылданды. Олардың қатарында тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалар қауіпсіздігі, тарихи ескерткіштер мен табиғи нысандарды қорғау, ойын бизнесін жарнамалауға тыйым салу, есірткі қылмысына жазаны күшейту сынды мәселелер бар. Қазақстандықтар «Ұлттық құрылтай — қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылап қана қоймай, нақты шешу жолдарын ұсынатын ықпалды алаңға айналғанын» айтып отыр.

Ділдәбек Дидарбек, «Жастар рухы» ЖҚ Алматы қалалық филиалының төрағасы:

Жастардың арасында өте үлкен дертке айналып отырған вейптар мен қазіргі таңда осы лудомания, нашақорлыққа байланысты заңдық жобалардың қабылданғандығы айтылып отыр. Яғни, бұл дегеніміз Ұлттық құрылтайдың, әртүрлі сала өкілдерінің, парламент депутаттарының, қоғамдық пікір иелерінің бастамаларының негізінде айтылып жатқан мәселелердің барлығы заңдық негізде іске асатын болса бұл Қазақстанның дамуына өзіндік бір үлесін қосатын үлкен бір ортаға айналып отырғандығының негізгі бөлігі ретінде қарастыруға болады.

Жомарт Сімтіков, саясаттанушы:

Әсіресе, кейінгі кезеңде жасанды интеллектіге байланысты көтерілген мәселелер бұл Қазақстан Республикасындағы әлемдік өркениетте өзіндік бір орнын табатын және бәсекеге қабілетті бола алатындай жеңіске жетелейді деп ойлаймын. Осындай ұлттық құрылтайдың көтерген мәселесі бүгінгі таңдағы өте бір өзекті және қажетті мәселелерді шешуге, халықты жұмылдырып, бір жерден табылуға мүмкіндік бере алады деп ойлаймын.

Серік Елікбай, ҚР Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы:

Біздің Президентіміз 2024 жылы мынадай сөз айтты. "Маған зиялы қауымның бір болғаны ұнайды" деді. Рас қой. Біздің оқыған тоқыған дейтін дүниелердің солардың бірге болмағы бұл ең басты дүние. Енді қараңыз, Көкшетауда болған себебі, қанша дегенмен ол жерде Абылайдың ордасының тігілген жері. Құрылтай қажет. Және болуы керек. Қазақ тұрғанда Құрылтайсыз мемлекеттің дамуы екі талай.

Ақниет Балтанова